Елбасының жарқын істері көпке үлгі

«Нұрсұлтан Назарбаев барлық реформаның қозғаушы күші де, кепілі де өзі болды. Сондықтан да қолға алған іс-қимылының дені сәтімен жүзеге асырылды. Оның бастамасымен еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. Барлық мемлекеттік құрылымдарда түбегейлі реформалар жүргізілді. Демократия дәстүрлері орнықпаған, құқықтық тәртіп беки қоймаған елде қатаң орталықтандырылған жүйеден еркін нарыққа көшу үздік-создық, ауыр әрі күрделі болды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы тарапынан жасалған тәуекелі зор, үлкен қадам еді» деген Мемлекет басшысы елдің өркендеуі жолында, экономиканы ілгерілету үшін жасалған нақты батыл қадамдарға тоқталды. Халықтың әл-ауқатын жақсарта отырып, әлемдік аренада экономикалық саясатты жүргізу болашағы зор реформаларды жүзеге асыруға септігін тигізді.
Қазіргі таңда әлем елдері санасатын Қазақстанның дүниежүзінде беделі айтарлықтай зор. Елбасы салған сара жолмен өскелең ұрпақ бой түзеп келеді. Елдің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бейбіт шешімдерге қол жеткізген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын істері көпке үлгі.
Берік Ахметов,
"Nur Otan" партиясы Сырдария
"Nur Otan" партиясы Сырдария
аудандық филиалының кеңесші