Балаларды вакциналау: өзекті сұрақтарға жауап
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова және елордалық денсаулық сақтау басқармасы №71 мектеп-лицейге барып, балаларды вакциналау жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ата-ана келісімі болмаса вакцина салынбайды
«Біздің мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Мұнда 4206 бала оқып жатыр. Ең алдымен балаларды вакциналау бойынша ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді және екпенің не үшін маңызды екенін түсіндірдік. ZOOM алаңында дәрігерлермен бейнесұхбат ұйымдастырдық, онда ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойды. Бірінші сауалнамадан соң 50 бала екпе алғысы келсе, бірнеше күннен кейін 88 баланың ата-анасы вакциналауға жазбаша түрде рұқсаттарын берді», - деді №71 мектеп-лицей директоры Шынар Әубәкірова тілшілерге берген сұхбатында.
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният та баласына вакцина салдыруға күмәнданып жүрген ата-аналарға үндеу жасады.
«Балалардың денсаулығы әр ата-ананың қолында. Балалар жас болғандықтан, әзірге өз денсаулығы үшін шешім қабылдай алмайды. Олар үшін бұл шешімді ата-ана қабылдауы керек. Баланы емдете ме, профилактикалық шара ала ма – бәрі ата-ананың қолында. Қазір де осы инфекцияның өте қатерлі екенін көріп отырсыздар. Уақытқа, мезгілге байланысты көптеген респираторлық вирустық инфекциялардың көп екенін, ал микс суперинфекцияның өте қатты асқынған түрде жүретінін айтқым келеді. Сондықтан, мемлекет әлемдегі ең жақсы, барлық клиникалық зерттеулерден өткен, ең тиімді вакцинаны әкеп отырғанда, бұл мүмкіндікті пайдаланғандарыңыз дұрыс», - деді вице-министр.
Мектепте екпе егудің артықшылығы көп
Сонымен бірге, вице-министр балаларды мектепте вакциналаудың артықшылықтарын айтып берді.
«Мектеп – баланың өзіне үйреншікті таныс ортасы. Екіншіден, балалар үшін қауіпсіз орта, өйткені емханаларға басқа да науқастар келеді, қазір вирустық-эпидемологиялық кезең, аурулар асқынып жатыр. Сондықтан бала денсаулығына еш қатер болмауы үшін мектептердің екпе кабинеттерінде де вакциналауды ұйымдастыруды ұйғардық. Мұнда балалар жоспар бойынша келіп екпені алады, бір баланың қобалжығаны екінші балаға берілмеу үшін көп бала жиналмайды», - деді вице-министр Ажар Ғиният.
Балалар дәрігері, «Салауатты астана» ЖШС мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары бөлімінің меңгерушісі Сәуле Есенбаева мектептегі вакцина салу тәртібін түсіндірді.
«Емханада вакцина салдыру үшін баланы ата-ананың өзі тасуы керек. Ол үшін жұмсысынан сұрануы керек. Сондықтан мектепте салдырған дұрыс деп ойлаймын. Мектептегі вакциналауға ата-ананың қатысуы міндетті емес, дегенмен ата-ананың өзі келемін, көремін десе, оған толық құқықтары бар. Вакцина салдыратын бала сабақтан босатылмайды. Екпеден кейін 30 минут қадағалауда болады, сосын сабағына қайта жіберіледі. Үйіне барарда нұсқаулық береміз, онда екпеден кейін үш күн қалай күтіну керектігі айтылады», - деп түсіндірді дәрігер.
Балаларды вакциналауда еш асқыну тіркелген жоқ
Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 300 бала Pfizer вакцинасын салдырып үлгерді.
Вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, республика бойынша еш балада қатты жанама әсер байқалған жоқ.
«Ал №71 мектепте алғашқы күні 6 бала вакцина алды, оның ішінде бір баланың басы ауырып, қызуы көтерілген. Бұл симптомдар қалыпты, әр ағзада түрлі реакцияның болатыны ата-аналарға алдын ала ескертілген. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында. Одан басқа қатты асқынулар болған жоқ», - деді дәрігер Сәуле Есенбаева.
Сонымен бірге, вице-министр қазақстанда Pfizer вакцинасының жеткілікті қоры бар екенін, елдегі барлық бала санына жеткілікті вакцина келгенін айтты.
«Әрине, балалар вакцинациясы ата-ана шешіміне байланысты болғандықтан, екпеге түгел келмеуі мүмкін екенін топшыладық. Бірақ, дегенмен елдегі балалардың барлық санына жететіндей доза жеткізілді. Халықтың қазір көзі жетті, аурудың қиын екенін, вакцина алмаған адамдармен толғанын көрді, көптеген жақындарын жоғалтты. Вакцинаның керек екенін халық түсінді деп ойлаймыз», - деді А. Ғиният.
Айта кетейік, 12 қараша күні елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді.
«Министрлік Pfizer компаниясының Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.