Сананы сериал уламасын десек...
Көрермен назарын аударып, жастар арасында танымал болған «Кальмар ойыны» кәріс сериалын бүгінде көпшілік біледі. қазір әлеуметтік желілерде осы сериал көп талқылануда.
Елдің аузынан түспей жүрген бұл сериалда қатыгездік, адам өмірін саудалау, қантөгіс көрсетіледі. Алайда, мән-мағынасына үңілер болсақ, өмірде болып жатқан шындықтар. Фильмнің мазмұны – ойында жеңген адам 38,5 млн АҚШ долларын ұтады. Сериалдың негізгі айтпақ ойы да осы жерден көрінеді.
Аталған киноның қысқаша мазмұны мынадай. Қарызға белшесінен батқан адамдар ақшаға қызығып өз өмірін тәуекелге тігеді. Ойыншылар ойынның шынайылығын ескермей бірден келіседі. Алайда, алғашқы ойынды ойнағаннан кейін оңай байлыққа жете алмайтындарын түсінеді. Бірінші ойыннан аман қалған қатысушылар наразылық білдіріп, олар қайтадан өз өмірлеріне оралады. Шынайы өмірлерінің ойыннан еш айырмасы жоқ екенін түсінген қатысушылар ойынға екінші мүмкіндік алады.
Кейіпкерлерді әртүрлі жас шамасында алуының да өз себебі бар. Мысалы, кәрі шал, тапқыр жігіт, қараусыз қыз, аяғы ауыр ана, қатыгез еркек пен сауатты кәсіпкер. Яғни, бұл жерде ауыртпашылық ақшаға, байлыққа қарамайды. Қиындық ешқашан адам таңдаған емес. Сондықтан түзу жолмен, сабырмен, адалдықпен жеңе білу керек дегенге саяды.
Санасында ақша тұрған қатысушылар ештеңеден тайынбайды. Тіпті, ол үшін адамгершілікті ұмытып, адам өлтіруге де барады. Алайда, Сон Ги Хун есімді кейіпкерді өте мейірімді етіп көрсеткен. Менің ойымша, режиссер бұл кейіпкер арқылы адамгершілік пен мейірімділік өмірдегі ең маңызды мәселе екенін түсіндіру және оны ұмытпау керек екенін айтқысы келеді.
Айта кететін тағы бір жайт, «Кальмар ойыны» сериялы кейіпкерлерінің киімдеріне сұраныс артты. Әсіресе, спорттық киіміне сұраныс жоғары. Және бұл киім біздің Қазақстандық үлгіде де тігілді. «Qulan.kz» деп аталатын, отандық өнім өндірушілері кинодағы 001 ден 456-ға дейінгі сандардың орнына қасиетті Құрандағы сөздерді жазып шығаруды қолға алды. Алайда, Құран сөзін әріппен әрлеп, сөзбен сәндеп, киімге шығаруға болмайтындықтан, сүре нөмірі мен аят нөмірін қолданған.
Қантөгіске толы киноны жастар көруге құмартса, ата-аналардың көбі мұны құптамайды. Себебі, мектеп жасындағы балалар бұл киноның түп мағынасын түсінбеуі мүмкін. Жағымсыз кейіпкерлерге еліктеп, іс-әрекеттерін қайталап, өз өмірлеріне балта шабуы да ғажап емес. «Ел болам десең, экраныңды түзе» дейді қазіргі заман мақалы. Ендеше, жас жеткіншектердің телефонның ар жағынан нені үйреніп жатқаны үнемі қадағалауда болуы керек деп ойлаймын.
Нұрай Серікбаева,
№135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектептің
11-сынып оқушысы