Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті

Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті.

Онда білім басқармасы басшысының орынбасары кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған жол картасының орындалуы туралы баяндады.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өзі басқаратын салада экстремизм мен терроризмнің алдын алудың жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басқарма бастығы Бахыт Наурызбаев діни экстремизм мен терроризм профилактикасының тиімділігін арттыру шараларын атап өтті.

Данияр Еренғалиұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндет жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 желтоқсан 2025 ж. 39 0