Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

-Бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 8143 адамға 124,1 млн.теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. 50 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілді. Сондай- ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген әлеуметтік қызметкерлерді тестілеуде 512 әлеуметтік қызметкер қатысып, оның 82,2 пайызы шекті көрсеткіштен жоғары балл жинады. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексі әзірленуде. Кодексте әлеуметтік қызметкердің мәртебесі және олардың жалақысының кезең-кезеңімен арттырылуы қамтылатын болады» - , деді Мейрамбек Жақсылықұлы
Nur Otan партиясының "Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан мүгедек балаларға арналған 20 төсектік оңалту орталығы ашылды.Бүгінде, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесіне 3756 Ұлы отан соғысына қатысушылары мен оларға теңестірілгендерге әлеуметтік көмек берілді.
100 жылдық тарихы бар әлеуметтік саланың қалыптасуына зор үлес қосқан апа-ағаларымыздың ізгілікті ізін бүгінгі күні білікті де білімді мамандар, сала үздіктері жалғастыруда.