Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 76 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді

Қазақстанда 76 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді

Бүгін, қазан айының бірінші дүйсенбісінде бүкіл әлемде ерекше назар мен құрметке лайық мамандық - халықаралық дәрігерлер күні атап өтіледі!

Құрметті әріптестер, Сіздер өз білімдеріңізбен, әр іске деген мұқияттылықтарыңызбен және ерекше сезімталдықтарыңызбен адамдарға қалыпты, салауатты өмірге оралуға көмектесесіздер. Әр күн сайын сіздер ерлік жасайсыздар - кейде ұйқысыз және демалыссыз әр науқас үшін күресіп, оларға жаныңыздың бір бөлшегін беріп, өмірін құтқарасыздар. Осы ерен еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет!

Кәсіби қызметтеріңізге табыс, күш пен даналық, сондай-ақ отбасыларыңызға амандық және мықты денсаулық тілейміз!

Атап өтсек, ресми деректер бойынша Қазақстанда 76,4 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мың маман алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жұмыс жасайды. Биыл медициналық жоғары оқу орындарының 4,6 мың түлегі дәрігерлік дипломдарын алды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

04 қазан 2021 ж. 678 0