Балаларға қауіп төндіретін жаңа вирус туралы не білеміз?
Қазақстандық ғалым Алмаз Шарман балаларға қауіп төндіретін жаңа вирус жайлы айтты. Сондай-ақ, ол энтеровирус пен коронавирусты қалай ажыратуға болатынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның пікірінше, коронавирус та, энтеровирус та ішекте ауырсынулар тудыратынына қарамастан, оларды ажыратуға мүмкіндік беретін маңызды белгілер бар.
Жалпы коронавируста ішек ауруынан бөлек, тыныс алудың бұзылуы мен диарея да байқалады. Диареямен қоса әлсіздік пен дене қызуы пайда болады.
Алайда, Алмаз Шарманды балаларға жұғатын респираторлық-синцитиальдік вирус (RSV) алаңдатып отыр. Оны коронавирус инфекциясынан ажырату оңай емес.
"Сондықтан да балаларға респираторлық-синцитиальдік вирусқа (RSV) қарсы вакцина салу керек. Әзірге вакцина жоқ. Қазіргі уақытта коронавирус пен респираторлық-синцитиальдік вирусқа (RSV) қарсы аралас вакцина әзірленіп жатыр.
Бүгінде кейбір елдерде респираторлық-синцитиальдік вирус (RSV) тарап жатыр, бұл алаңдатарлық жағдай",- деді Шарман.
Еске салайық, осыған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония дәрігерлері бүкіл әлемде балалар респираторлық-синцитиальдік вирусты (RSV) жаппай жұқтыра бастағанын хабарлаған еді.
Ғалымдардың айтуынша, RSV дертінің таралуына коронавирус пандемиясы әсер еткен - карантиндік шаралардың салдарынан балаларда аталмыш вирусқа қарсы иммунитет қалыптасып үлгермеген. Дерттің өршуі коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін байқалған.