Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандарына серпін берді

Сала мамандарына серпін берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі жəне жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында келелі мəселелерді сараптап, ел дамуының алдағы кезеңінде атқарылуға тиіс істерді жүйелеп берді.

Мемлекет басшысы кезекті үшінші Жолдауында аса маңызды мəселелерге тоқталып өтті. Солардың бірі – 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыру. «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дəрігердің, əлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – мəдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер жəне басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді», – деді Мемлекет басшысы.
ысы. Айта кетерлігі, Президент өз Жолдауларында мəдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақыларын көтеру мəселесін үнемі қозғайды. Нəтижесінде, 2019 жылы сала қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға артқан болатын. Биылғы Жолдауда да мəдениет саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл біз үшін аса қуанышты жаңалық. Біз өз кезегімізде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдай отырып, халыққа қызмет көрсетуде аянбай тер төгетін боламыз.

Мəдениет – мемлекет мəйегі. Мемлекет басшысы қай кезде болмасын халықтың рухани байлығы мен ұлттық дүниетанымының негізі саналатын мəдениет саласын назардан тыс қалдырған емес. Соның нəтижесінде атқарылып жатқан жұмыстың жарқын көрінісі – мəдениет үйлері мен клуб кəсіпорындарының штаттар саны көбейіп, жыл сайын жаңа клуб ғимараттары салынуы. Мəдениет саласына айтарлықтай қаржы құйылуының нəтижесінде мəдениет үйі мен клубтар жаңа заман талабына сай жаңғыртылып келеді. Аудандық бюджеттен мəдениет саласы үшін қомақты қаржы бөлініп, клуб кəсіпорындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Бұл мəдениет саласы қызметкерлеріне ұлттық руханият жолында жемісті еңбек етуіне жасалған жағдай.

Өздеріңізге белгілі, елдегі пандемияға сəйкес мəдени іс-шаралардың көпшілігі көрерменсіз өткізілуде. Халықтың ықыласы мен көрерменнің қошеметімен арқалана түсетін мəдениет саласы қызметкерлері үшін бұл кезеңдер оңайға соғып жатқан жоқ. Десек те, халықтың денсаулығы алдыңғы орында екенін естен шығаруға болмайды. Осындай қиын сəттежасалған Президент Жолдауымəдениет саласын да бір серпілтті. Мемлекет басшысының Жолдауында елдің əлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты. Сондықтан Президент атап өткен басым бағыттарды негізге алып, Жолдауға қолдау көрсету – əрқайссымыздың міндетіміз. Қазіргідей күрделі кезеңде жарияланған Жолдаудың маңызы жоғары. Əлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айқын көрініс тапқан Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуына үлкен сеп болары сөзсіз.

Əйгерім ЖҰМАБЕКОВА,
І
ңкəрдария ауылдық клуб үйінің əдіскері
14 қыркүйек 2021 ж. 345 0