Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өседі

Медицина қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өседі

Қазақстан үкіметі медициналық қызметкерлердің жалақысын екі есеге өсіруді жоспарлап отыр. Еңбекақы бірнеше жылдың ішінде кезең-кезеңімен өсетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан 2021 жылы ақ халаттылардың жалақысын көтеру үшін 220 млрд тегеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген Асқар Мамин хабарлады.

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру шығыны қарастырылған: 2021 жылы - 222,3 млрд теңгеге, 2022 жылы - 361,7 млрд теңгеге, 2023 жылы - 557,5 млрд теңгеге. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшыларының жалақысын жыл сайын 6,6 млрд теңеге көтеру шығындары қарастырылған", - деді Мамин.

Премьер-министр сонымен қатар дәрігерлерге ынталандыру сыйлықақыларын төлеу 2020 жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты. Осы мақсатта бюджеттен 150 млрд теңге бөлінеді.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-қыркүйекте жасаған жолдауында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артатынын, ал 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатынын айтқан еді.
05 қазан 2020 ж. 2 181 0