Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Агробиологиялық орталықта дәрілік өсімдіктердің 4 түрі зерттелуде

Агробиологиялық орталықта дәрілік өсімдіктердің 4 түрі зерттелуде

Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университетінің  агробиологиялық учаскесінде дәрілік өсімдіктердің 9 түрі бар. Табиғат байлықтарын сақтап келер ұрпаққа аманат ету мақсатында бүгінде университет білім алушыларымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дәрілік өсімдіктер санатына жататын қызыл мия, жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет зерттелуде.

Раушан Нұрымова, «Аграрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты:

«Өсімдіктің дәрілікқасиеті мерзімге байланысты. Сондықтан, қай кезде өсімдіктің қайбөлігін жинау керек екенін зерттеудеміз. Өсімдіктің әр бөліктерінде дәрілік қасиетінің мөлшерібірдей бола бермейді. Біреуінтаң ата, екіншісін кешке, кейбірін гүлдегенгедейін, кейбірін гүлдеп тұрғанкезде алу керек. Солуақытта олардың емдікқасиеті мол болады. Дайындау негізінен құрғақ, жылы күндерітүстен кейін жүргізіледі. Емдік қасиеті бар шөптердің сипаты, пайдасы, қасиеті, қолданылуы жайлы білу табиғат сырына дегенқұмарлық».

Аграрлық сала ғалымдары және білім алушылары аймақтың қатал табиғи-климаттық жағдайына бейімделген ресурс үнемдеуші технологияларды әзірлеуге, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүргізуде.

«Білім алушылар зерттеулер нәтижесінде халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанып келеді. Мысалы Аружан Мүсірәлі 2 жылдан бері цитрустық өсімдіктер өсіруде. Біздің климатқа бейімдеп, үй жағдайында лимон мен ананас өсіруде. Егер сол өнімдер жеміс беретін болса, біз үшін үлкен жаңалық болады. Бүгінде университет тарапынан үлкен қолдау көрсету жұмыстары жүріп жатыр. Әр білім алушы орталықта өсіп тұрған дәрілік, малазықтық өсімдік түрлерімен жеке таныса алады», – деді Раушан Нұрымова.

Еске сала кетейік, университетте агробиологиялық орталық 1997 жылдан бастап игеріліп келеді. Орталықтың аумағы 4,4 гектарды қамтиды. Оның құрамына жылыжай шаруашылығы және 4 бөліктен тұратын агробиологиялық учаске кіреді.
09 қыркүйек 2021 ж. 634 0