Жұдырықтай жұмылып, дерттің бетін қайтарайық

Жер жаһанды жүрісінен жаңылдырған дерт мәдениет салысындағы жоспарларды да айтарлықтай өзгеріске ұшыратпай қоймады. Былтырдан бері көпшілік іс-шараларды өткізу тоқтатылып, мерейлі мереке мен айтулы даталарда халықтың көптеп жиналуына жол берілмеуде. Тіпті, тарихта алғаш рет Жазғы Олимпида ойындары да көрерменсіз өтті. Бірақ мерекелік және мәдени іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылуда. «Той – халықтың қазынасы» екені түсінікті, алайда халықтың қауіпсіздігі басты назарда екенін ұмытпау керек.
Вирусты жеңудің бірден-бір жолы – екпе салдыру. Толығымен ұжымдық иммунитет қалыптасқанда вирустың таралу қарқыны азаяды. Сондықтан баршаңызды індеттен сақтанып, екпе ектіруге, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын! Біз жұдырықтай жұмылып әрекет етсек, қалыпты өмірге оралатын күн де алыс емес.
Анар Қалдыбаева,
аудандық мәслихат депутаты,
Айдарлы ауылы «Ғафурдин Жанұзақов
атындағы ауылдық клубы» КМҚК басшысы