Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп сақшылары ұрыларды қолға түсірді

Тәртіп сақшылары ұрыларды қолға түсірді

Өткен жылы қараша айында Қызылорда қаласының 60 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөліміне Бесарық ауылында белгісіз адамдар ұрлыққа түскендігі жөнінде арызданады. Күдіктілерді іздестіру іс-шарасы нәтижесінде, құқық қорғау саласының мамандары Қызылорда қаласынан 2, Сырдария ауданынан 1 азаматты күдікті ретінде ұстайды.

– Іздестіру барысында қолға түскен күдіктілер арызданушыға 370 мың теңге көлемінде шығын әкелген. Тәртіп сақшылар аталған іс бойынша жан-жақты саралап, тергеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда арызданушының қолды болған дүние-мүлкі өзіне қайтарылды – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Ә.Қанзадаев.

Бұл ретте, кез келген қылмыс уақыт өте келе ашылып, күдіктілер жазасын өтейтіндігін ескерген жөн. Аталған қылмыстың ашылуына полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.
12 наурыз 2021 ж. 549 0