Екпе алуға жауапкершілікпен қарау керек

Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында көп тер төкті. Нәтиже - қуанарлық. Мамандар азаматтарға коронавирус індетінің алдын-алуға мүмкіндік беретін препараттар ұсынып отыр.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, елімізде жаппай вакцинация шаралары басталды. Ендігі кезекте, әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық. Сонымен қатар, қарапайым сақтық шараларын ұстанайық».
Гүлжан АБСАТОВА,
№6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері.