Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Көше жарықтандырылды

Көше жарықтандырылды

Көшенің бойына орнатылған жарықтандыру шамдары ауыл мәде–ниеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.

Жарық жүйесі қараңғылық түскенде іске қосылып, жолаушыға жол сілтеп, мектептен қайтқан оқушыларға табан жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болады.

Көшелерді жарықтандыру үшін қауіпсіз әрі тиімді энергия қондырғыларын енгізу маңызды әрі көше жарығы ауылдың сәні.

Ауыл әкімінің ұсынысы нәтижесінде елді мекендегі маңызы бар Қуаныш Баймағанбетов көшесінің 2,0 мың метрін жарықтандыру жұмыстарына ЖК «Талант» жеңімпаз атанып, 402 750,0 теңге қаржыға келісім-шарт жасасып, жұмыстар жүргізілуде.
Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жыл көлемінде атқарылатын болады.

Көше жарығын орнатушыларға алғыс білдіреміз.

Аманкелді ауылы әкімі аппараты
17 маусым 2021 ж. 1 643 0