Әр адам жауапкершілікті сезінуі тиіс

Өткен жылдан бері алдыңғы шепте еңбек етіп жатқан мамандар талай жантүршігерлік жағдайдың куәсі болып жатыр. Пандемия кезінде талай жақындарымыздан айырылдық. Салғырттықтың кесірінен сан соғып қалдық. Биыл мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек.
Қазіргі уақытта кеселді дертті жеңудің жалғыз ғана жолы бар. Ол - вакцина салдыру. Екпе ектіруге күмәнмен қараудың, бұл процедурадан қорқудың қажеті жоқ. Мамандардың кеңесіне құлақ түруге шақырамын.
Бүгінгі күні басты мақсат - ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сол кезде ғана біз бұрынғы беймарал тіршілігімізге орала аламыз.
Мен жеке басым вакцина салдырдым. Препараттың екі компонентінде толық қабылдадым. Бұл шешімім үшін өкінбеймін.
Жалпы, қауіпті инфекцияға жасы үлкен жандар тез шалдығатындығы айтылып жатыр. Мен екпе ектіру арқылы өзімді және де отбасымды дерттен қорғадым деп ойлаймын. Сол себепті барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамын.
Серік Құрымбаев,
Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері
Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері