Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруды болдырмаудың ең жақсы әдісі - вакцинация

Ауруды болдырмаудың ең жақсы әдісі - вакцинация

Қазіргі таңда аудандық ауруханада КВИ бөлімшесі 50 төсек орынға қайта ашылып, оның ішінде 5 төсек орын реанимациялық болып жұмыс жасауда.

«Дельта» немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңінде вирустар үнемі мутацияға ұшырайды. Коронавирустың үнді штамының алғашқы белгілері - вирус жұқтырған адамда әдеттегідей иіс жоғалуы, дәм сезбей қалуы болмайды. Ол үш сипаттамалық белгілермен ерекшеленеді: 1- бас ауруы, 2-тамақ ауруы, 3-мұрыннан су ағу т.б. Осыған сәйкес науқастардың жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл дерт кереңдік пен аяқ-қолда қанның ұйып қалуына әкелуі ықтимал. Вирус жұқтырғандарда диарея жиі байқалады.

Емхана тарпынан мобильды топ әдеттегідей өз жұмысын жасап, үй жағдайындағы пациенттерге шұғыл көмек көрсетуде. Үй аралап дене қызуы көтерілген пацинттерді фильтр бөліміне тасымалдап, толық зерттеулерді жасауда.ПЦР сынамасы алынып, оң нәтиже бергендерді КВИ бөлімшесіне жатқызуда.


Осы коронавирус штамдары мутацияға ұшыраған симптомдары жәй ғана тұмау деп ойламау керек сол себептен аудан тұрғындарына маман ретінде айтатынымыз аса қауіпті індет ретінде қарауымыз қажет.


Қоғамның қауіпсіздігін сақтау әркімнің өз қолында. Яғни, әркім өз денсаулығын сақтауы тиіс. Сондықтан өзіңіздің сақтығыңыз үшін вакцина салуға келгенде тартынып қалмай, керісінше, оның жоғары деңгейде жүзеге асуына атсалысу керек. Сол себептен тұрғындарға тағы да айтарымыз коронавирус ауруын жұқтырмау үшін осы жаз айларындағы қатты ыстық кезеңінде үйден шықпау, әлеуметтік дистанцияны сақтау, тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге қыдырмау, тойға бармау қажеттігін ескертеміз.

Осы вирусты тудыратын асқынуларды болдырмаудың ең жақсы әдісі тек вакцинация болып табылады. Ғалымдар мен дәрігерлердің бірауыздан пікірі - барлық вакциналар «Дельта» нұсқасына қарсы жұмыс істейді,-дейді.

Барша тұрғындарды өз денсаулығы үшін вакцина салдыруға шақырамын!

Манат САДЫҚОВА,
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі,
дәрігер инфекционист


19 шілде 2021 ж. 386 0