Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зерделеу жұмыстары барысында қосымша 10 бас малдың өлімі анықталады

Зерделеу жұмыстары барысында қосымша 10 бас малдың өлімі анықталады

Биылғы жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі мен ауа температурасының өте жоғары болуы және Сырдария өзеніндегі су деңгейінің аз болуына сәйкес ауданда қуаңшылық жағдайы орын алды. Қуаңшылыққа байланысты көктем айларында 481 бас малдың өлімі тіркелген болатын. Жаздың қатты ыстық аптаппен басталуына байланысты жануарлардың әлсіздігінен қосымша 78 бас малдың өлімі анықталды.

Өздеріңізге мәлім, соңғы кездері әлеуметтік желілерде мүйізді ірі қара малының өлекселері жарияланған фото суреттер мен түрлі ақпараттар тарауда. Соған сәйкес тиісті ветеринариялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қамыстыбас ауылдық округінің аумағынан қосымша 2 бас сиыр малының өлексесі анықталды. Ветеринар мамандардың айтуынша аталған сиырлар 1-1,5 ай бұрын өлген, алайда мал иелерінің жағдайды уақытылы хабарламауы салдарынан не себепті өлгенін анықтау мүмкін болмады. Себебі, лабароториялық зерттеу жұмыстары мал өлгеннен кейін 4 сағат ішінде жасалуы қажет. Осыған сәйкес мал иесіне ветеринария мамандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек Аманөткел ауылынан 3 мүйізді ірі қара және Қосжар ауылынан 3 жылқы, 2 бас мүйізді ірі қараның өлексесі табылды. Аталған жануарлар Қосжар ауылындағы Қосжар көлінің тартылған жағасындағы ұйыққа батып өлгендігі белгілі болды. Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 569 бас мал өлімі тіркеліп отыр. Осы аталған жағдайларды ескере келе барша аудан тұрғындарын төрт түлік малға қатысты туындаған мəселелері бойынша ауылдық окургтердегі ветеринар мамандарға немесе аудандық ветеринариялық станциясының байланыс номеріне хабарласуларын сұраймыз. Байланыс телефоны: 2-42-26
17 шілде 2021 ж. 321 0