Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр істі кейінге қалдыру туралы тәмсіл

Әр істі кейінге қалдыру туралы тәмсіл

Әр істі уақытылы жасап тастауды әдетке айналдырыңыз. Бұл жайында massaget.kz жазады.

Профессор дәрісті бастамас бұрын, қолына су толы стақан алды да, студенттерден:

– Мына стақанның салмағы қанша, кім біледі? - деп сұрады.

Студенттер өзара сыбырласа бастады.

– Шамамен екі жүз грамм.

– Үш жүз.

– Төрт жүз грамм.

– Шынымды айтсам, дұрыс жауапты өзім де білмеймін. Бірақ қазір бұл маңызды емес. Ендігі сұрақ мынадай: Қолымды созып, осы стақанды екі минут бойы ұстап тұрсам не болады?

– Ештеңе бола қоймас, - деп мән-жайды түсінбеген студенттер бір-біріне таңдана қарады.

– Шынында да ештеңе болмайды. Ал екі сағат ұстап тұра берсем ше?

– Қолыңыз талып қалады ғой.

– Ал күні бойы қолымнан тастамай көтеріп тұра берсем не болады?

– Қолыңыз жансызданып, сал боп қалуыңыз да мүмкін.

– Қалай ойлайсыңдар, күні бойы көтеріп тұрғаннан стақанның салмағы өзгере ме?

– Жоға, қайдан өзгерсін, - деп студенттер әлі түк түсінер емес.

– Біз бұл жағдайды қалай өзгерте аламыз?

– Жай ғана стақанда орнына қойсаңыз болды, - деді бір студент сенімді түрде.

– Дәл солай! - деп профессордың дауысы қаттырақ шығып кетті. – Естеріңде болсын, өмірдегі кез келген қиындыққа осы стақан секілді қарау керек. Бір мәселені екі минут ойласаң, ол жадыңда тұрады. Екі сағат бойы соны ойлай берсең, жаныңды жегідей жеп жібереді. Ал күні бойы, бірнеше күн бір нәрсені ойлап бас қатыра берсең, құрдымға ұшырайсың.

Ұзақ ойлай бергеннен, мәселе шешілмейді, керісінше ұлғая береді. Бас қатыра бергенше, әрекет еткенде ғана нәтиже болады.

Мәселе бар ма, шешіңіз немесе оны ойыңыздан шығарыңыз. Күнделікті "істеуім керек еді" деп кейінге қалдырып жүрген шаруаларыңыз да осылай жиналып-жиналып басыңызды ауыртады. Сондықтан әр істі уақытылы жасап тастауды әдетке айналдырыңыз.
11 шілде 2021 ж. 241 0