Жұлдыздар не дейді?
Ұстамды болсаңыз, бүгінгі күн сәтті өтеді. Бұл тек қана сөздеріңіз бен мінез-құлқыңызға қатысты емес. Түр-әлпетіңізге де мән беріңіз. Көзге түсетін киім кимеңіз. Классикалық киім үлгісін таңдасаңыз дұрыс болады.
Торпақ
Бүгін адамдармен қарым-қатынас жасағанда ашуға бой алдырмаңыз, өзімшілдікке салынбаңыз. Дауға араласпаған жөн. Оңаша қалсаңыз жақсы болады, сонда көптеген қиындықтардан құтыласыз.
Егіздер
Бүгінгі күннің қалай өтетіні таңның қалай басталғанына байланысты. Оң аяғыңыздан тұрсаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Сондықтан тұра салып, сүйікті музыкаңызды қосып, жақсы нәрсе ойлап, күнді сәтті өткізуді мақсат етіңіз.
Шаян
Бүгін бейтаныс істерде сенімсіздік танытасыз. Бір жағынан бұл сізді қателерден қорғайды, дегенмен қорқақтық танытуға да болмайды. Жарты жолда тоқтаудың қажеті жоқ, жай ғана маңызды қадам жасамас бұрын жақсылап ойланып алыңыз.
Арыстан
Бүгін көп нәрсені жақтырмайсыз. Өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз. Ең болмаса маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмысты бастамаңыз, оны кейінге қалдырыңыз.
Бикеш
Бүгінгі күн тыныш өтеді, өзгерістер болмайды. Тәуекелге бару керек болса да, ондай қадамға дайын болмайсыз. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін, бірақ қате де жасамайсыз.
Таразы
Бүгін күш-жігеріңіз тасиды. Таза ауада уақыт өткізсеңіз, сізге өте жақсы әсер етеді. Барлық істі бүгін аяқтауға тырыспаңыз, ертеңге біраз істі қалдырсаңыз дұрыс болады.
Сарышаян
Бүгін ерекше ештеңе болмайды. Сондықтан сізге тіпті зеріктіретін күн болып көрінуі мүмкін. Кешке достарыңызбен уақыт өткізіңіз.
Мерген
Бүгін ешқандай өзгерістерге дайын емессіз. Тіпті біреумен танысу да сіз үшін қиынға соғады. Бірақ өзіңізді біраз сергіту үшін біраз өзгерістер енгізуге тура келеді.
Тауешкі
Бүгін кез келген нәрсені бастамас бұрын жақсылап ойланатын боласыз. Сізді асықтырса да, сіз баяу әрекет етесіз. Бәлкім, соның салдарынан жұмыстарыңыздың көбі аяқсыз қалады, бірақ сан емес, сапа маңызды ғой.
Суқұйғыш
Өзгерістерге қарсы болып, жаңа нәрселерді қабылдамайсыз. Жаңа таныстардың өздері ашуыңызға тиетін болады. Әрине, қоғамнан оқшаулана алмайсыз, бірақ ұнамайтын нәрсені істеуге міндетті емессіз. Тек дөрекілікке бой алдырмаңыз.
Балықтар
Бүгін кез келген істі мінсіз істегіңіз келетін болады. Ұсақ-түйек істерге барлық уақытыңызды сарп етпеу үшін, алдымен маңызды шаруалардан бастаңыз.
Бүгін кез келген істі мінсіз істегіңіз келетін болады. Ұсақ-түйек істерге барлық уақытыңызды сарп етпеу үшін, алдымен маңызды шаруалардан бастаңыз.
kyzylorda-news.kz