Болашағымды бас қаламен байланыстырғым келеді

Ата-анасының жолын қуып, ұстаздық жолды жалғағысы келетінін айта келе:
– Мұғалімдік жол – менің әулетімнің тіні. Олай дейтінім, ата-әжем, ата-анам барлығы ұстаздық ұлы жолды серік еткен. Тіпті, ауылдағы атам мен әжем Мектеп атауын иеленген көшеде тұрады. Бұл сәйкестікке өзіміз де таң қаламыз. Осынау жолды жалғастырып, әрі математика ғылымының қыр-сырына терең қаныққым келеді.
Ал Нұр-Сұлтан қаласына келсек, Елордамыз күннен күнге жасарып, дамып келеді. Қаланың болашағы үлкен үміт күттіреді. Еліміздің бас ордасындағы ең ірі оқу орнында білім алсам деп армандаймын, – дейді Гүлсән Қайратқызы.
Үлкен өмірге қадамды еліміздің бас қаласынан бастағысы келетін жас түлекке қадамың нық болсын дейміз.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ