Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Айдарлыда саябақ ашылды

Айдарлыда саябақ ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойы аясында Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылында саябақ ашылды. Ауыл үшін айтулы жаңалыққа орай карантин талаптары сақтала отырып арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл әкімі А.Ержанов бастаған мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Саябақты Айдарлы ауылының тумасы, еңбек ардагері Шанжархан Сейлхановтың ұрпақтары тарту етті. Бұл маң ауыл тұрғындары мен қонақтары тынығатын орынға айналары анық.

– Ауылымыз жылдан жылға көркейіп, Ел Тәуелсіздігімен бірге жасасып, өсіп-өркендеп келеді. Туған өлкенің осындай қол жеткізген жетістіктері мен табыстарына ауыл азаматтарының үлесі ұшан-теңіз,- дейді аудандық мәслихат депутаты Анар Қалдыбаева.
04 шілде 2021 ж. 763 0