Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ұлттық санақ: интервьюерге кім үміткер бола алады?

Ұлттық санақ: интервьюерге кім үміткер бола алады?

Ұлттық санақты жүргізу жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылады. Интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты және 18 жастан асқан Қазақстан азаматы үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Уақытша санақ жүргізуші қызметкерлер жиналған дербес ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істейді.

Аралау кезінде интервьюерлердің өзімен бірге фотосуреті бар куәлігі болады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы айтты. Бұдан бөлек, оларды халық санағының символикасы бар көк түсті арнайы қоржынмен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұлттық санақты жүргізу жұмыстары 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.

09 маусым 2021 ж. 261 0