Ұлттық халық санағына қанша адам жұмысқа тартылады?
Биыл ұлттық халық санағы өтеді. Қазір «Қазақстанда әркім маңызды!» атты девизі мен логотипі бекітілді. Санақ екі кезең бойынша өткізеледі. Бірінші кезең 1-30 маусым аралығында тұрғын жайлар нақтыланады. Аралау нәтижесі бойынша санақ учаскелеріне бөлінеді. Екінші кезең яғни 1 қыркүйектен - 30 қазан аралығында санақ жұмыстары жүргізіледі.
Облыста санақты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бүгінгі күні санақты жүргізуге қажетті қала, аудан орталықтарының схемалық картографиялық материалдары 4 данадан, ауылдық оқругтерінің карталары 3 данадан қағаз түрінде шығарылып, дайындалды. Санақ жұмыстарына жалпы 1258 адам уақытша жұмысқа тартылады. Оның 159 нұсқаушы-бақылаушылар, 974 сұқбаттаушылар.
- Санақтың 1 кезеңін өткізетін 20 нұсқаушы-бақылаушы, 133 сұқбатшыларды алу бойынша департаменттің сайттына хабарландырулар берілді. Өздеріңізге белгілі, биылғы өтетін халық санағы электронды форматта өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл жұмыстарға планшетпен жұмыс жасай алатын адамдар тартылатын болады. Цифрлық технологиялар басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша ЕТС VPN-ге 146 елді мекен қосылған. ЕТС VPN-ге қосылған елді мекендердің арналық өткізу қабілеті, жылдамдығы әлде де пысықталуда. Облыс бойынша орналасқан шетел кәссіпорындардың және тұруға арналған вахталық кенттердің тізімдері де нақтыланды, - деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.
Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.