Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Халық санағы: жалақысы белгілі болды

Халық санағы: жалақысы белгілі болды

Қазақстандағы халық санағын жүргізетіндердің жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов айтты.

"Санақты сапалы өткізу үшін қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта негізгі қаражат – санақ қызметкерлерінің жалақысы болып отыр. Мысалы, интервьюер қызметін төлеу үшін бірінші кезеңде бір ай үшін 83 мың теңге төленеді. Ал халық санағының негізгі кезеңінде – 104 мың теңге төленбек. Нұсқаушы-бақылаушыға 45 күн ішінде толық қызмет етсе – 125 мың теңге беріледі", - деді ол.

Еске салайық, 1 маусымда халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл дайындық кезеңі, онда тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар анықталады.

Екінші кезең - негізгі халық санағы. Яғни, санақ қызметкерлері әр үйге барып, сөйлесіп, санақ парақтарын толтырады.
02 маусым 2021 ж. 538 0