Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер түсінік берді: Ешқандай чип салу жоқ және бедеулікке ұшырамайды

Дәрігер түсінік берді: Ешқандай чип салу жоқ және бедеулікке ұшырамайды

Қазақстандық аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсон вакцина алғаннан кейін «пайда болатын» бедеулік пен чип салу туралы ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1795 жылы Лондонда доктор Дженнердің адамдарды шешекке қарсы егу науқаны басталғанын еске салғым келеді. Ел арасында мүйізі өскен адамдардың суреті шыққан басылымдар тараған болатын. Тағы бір басылымдарда вакцинадан кейін адамның бір құлағы түсіп, үшінші көзі пайда болатыны туралы ақпараттар шықты. Чиптеу туралы аңыз да сол топтамаға жатады, сол доктор Дженнерден қалған «операның» жалғасы», - деді Рафаил Розенсон Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған онлайн дәрісте.

Сарапшы әр дозаға чип салудың шығынын есептеудің өзі қиын деген уәж айтты.

«Ресейде вакцинация тамыз айында басталды. Менің ойымша, вакцинаға қарсы шығып жүргендер вакцина алғандардың ішінен үшінші көз пайда болған немесе сол құлағы түсіп қалған бір де бір адамды көрсете алмайды. Бұл – қарапайым вакцина. Біз гепатитке, басқа да қалың инфекцияға қарсы екпе аламыз. Вакцинаның бір дозасының құны 10-15 доллар десек, бұл сомаға ешкім оны чиппен байыта алмайды. Бүгінде әлем бойынша миллиардтаған адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Соның бәрін чиппен байытуға тіпті Билл Гейтстің де ақшасы жетпес еді. Бұл - толық нонсенс», - деді иммунолог.

Дәрігер вакцина мен бедеуліктің қатысы туралы да айтты.

«Әлем халқының 90-95% түрлі вакцина алып отыр. Бірақ содан жер шарындағы адамдардың саны азайып жатыр ма? Керісінше көбейген үстіне көбейіп жатырмыз. Менің бала кезімде жер бетінде 3 миллиард адам бар болатын. Қазір – 8 миллиард. Вакцина төңірегіндегі дау-дамайға қарамастан көбейіп жатырмыз», - деді Рафаил Розенсон.
04 маусым 2021 ж. 441 0