Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Вакциналау паспорты қағаз түрінде берілмейді

Вакциналау паспорты қағаз түрінде берілмейді

Қазіргі кезде қазақстандықтарға вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, халық арасында вациналау паспортының қағаз нұсқасының Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттен ақшаға тапсырыс беріп алуға болатыны жөнінде ақпарат таралуда.

«Санитарлық-эпидемиологиялық комитет қағаз нұсқада фирмалық бланкіде ешқандай вакциналау паспортын бермейді. Ондай өзгерістер орын алса, біз міндетті түрде республика азаматтарын хабардар етеміз. Мұндай сауал қарастарылып та жатқан жоқ», - деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство жалғыз қолданыстағы вакциналау паспортының электронды екенін ескертті. Сонымен қатар Комитетте қазақстандықтарды мұқият болуға шақырып, алаяқтарға алданбауды өтінді.
30 мамыр 2021 ж. 384 0