Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көпбалалы отбасыға қандай жәрдемақы беріледі?

Көпбалалы отбасыға қандай жәрдемақы беріледі?

Бүгінде Қазақстанда отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. «Ұлттық қауіпсіздіктің жетекші басымдықтары қатарына мықты демографиялық және көші – қон саясаты шығарылуға тиіс», - деді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясында.

Балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Төлемдердің бірнеше түрі қарастырылған: бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы», - делінген мәліметте.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2021 жылы көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 46 760 теңгеден 186 688 теңгеге дейін өсті.

16 мамыр 2021 ж. 366 0