Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Әркім денсаулығына жауапкершілік танытуы тиіс

Әркім денсаулығына жауапкершілік танытуы тиіс

Адам ең бірінші өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені, денсаулық – зор байлық екенін ата-бабамыз әуелден айтып кеткен. Қазіргідей елімізді індет жайлағанда денсаулыққа аса мән беруіміз керек.

Жұқпалы індеттен сақтанудың қамын жасағанымыз жөн. Спорт саласында жүріп, күнделікті саламатты өмір салтын ұстанып жүрсем де қауіпті індеттің жұғу қаупі жоғары екенін білемін. Сондықтан оған қарсы мықты иммунитет қалыптастыру үшін бүгін екпе салдырдым. Менің бұл таңдауым өз денсаулығыма жауапкершілік таныту екенін білемін. Сондықтан ерікті түрде осы қадамға бардым. Және барша тұрғындарды, спортшыларды вакцина қабылдауға шақырамын.

Баршаңызға амандық тілеймін. Жаратқанның сақтанғанды ғана сақтайтындығын естен шығармағайсыздар.

Білімжан Елеусінов,
тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы
30 сәуір 2021 ж. 511 0