Ауру асқынбас үшін вакцина қабылдаған дұрыс

Қазір көпшілік арасында вакцинаға қатысты жалған ақпараттар тарауда. Медицина қызметкері ретінде айтарым, вакцинаның адамның індетке қарсы иммунитет қалыптастырып, денсаулығына жақсы әсер етеді. Оның кері әсерлері болмайды. Сондықтан бұл қазіргі індеттің алдын алудың жалғыз жолы екені анық.
Жалпы, кез келген тұрғынды вакцина алмас бұрын біз арнайы тексерістен өткіземіз. Екпе салғаннан кейін де оның денсаулығы бақылауда болады. Сол себепті де қазіргі жағдайда ауру асқынбас үшін вакцина қабылдаған дұрыс.
Барша тұрғында екпе қабылдауға шақырамын!
Айсауле Әмзеева,
Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері