Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бар болмысыммен, жырыммен, ізгі үніммен жақсылық атаулының жаршысы болу – өмірлік ұстанымым

Бар болмысыммен, жырыммен, ізгі үніммен жақсылық атаулының жаршысы болу – өмірлік ұстанымым

Сырдария ауданынан шыққан әр саланың майталмандарының жетістікке жеткізген өмірлік ұстанымдары ту­ра­лы пікірін ұсынамыз.
Толқын Қабылша, ақын, «Шабыт» халықарылық фестивалінің жүл­дегері
Өмірлік ұстанымы: Қолына қалам ұстаған қазақтың ақын қы­зы ретінде ұлтқа, қазақ руханиятына қызмет ету. Бар болмысыммен, жырыммен, ізгі үніммен жақсылық атаулының жаршысы болу. Осынау өмірде армандардың орындалатынын, түптің түбінде бұл әлемді мейірім ғана құтқаратын әр күн сайын дәлелдеу. Алғы күннен, әділеттен үміті үзілген, сені­міне сел­кеу түскен адамдардың жігерін жану, ал­ғаусыз ниетіммен қол ұшын со­зу. Хал-қаді­рімше қайырымды болуға ұмтылу. Адамдық биіктерді, шығармашылық үлкен мақсат-мұраттарды ба­ғын­дыру. Жаратқан ғұмыр берсе, жан-жүрегіммен сүйетін жарық күннің дидарындағы әр мезетті жырлап үлгергім келеді.
24 сәуір 2021 ж. 360 0