Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, ше­шілмейтін түйін жоқ

Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, ше­шілмейтін түйін жоқ

Сырдария ауданынан шыққан әр саланың майталмандарының жетістікке жеткізген өмірлік ұстанымдары ту­ра­лы пікірін ұсынамыз.
Нұрсұлу ҚАСЫМ, «Qazaqstan» ұлттық арнасының Еуропадағы меншікті тілшісі.
Өмірлік ұстанымы:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап». «Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын!», «Барыңа шүкіршілік ет!» «Кішіпейілділік – кісіліктің көрінісі». «Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, ше­шілмейтін түйін жоқ». «Өз уақытыңды ұтымды пайдалан, өзгенің уақытымен санас». «Өзіңнің рухани дамуыңнан инвестицияны аяма». «Қолыңнан келмесе, уәде берме». «Өзің қанша жәбір көрсең де, кісіге қиянат жасама». «Көзбен көрмегенге сенбе». «Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде». «Ешқашан берілме». «Жаман ұлт жоқ, жаман адам бар». «Бақыттың кілті – ақшада емес». «Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал». «Мүмкін емес дегенге сенбеңіз, өмірде бәрі де мүмкін. «Армандар орындалады».

24 сәуір 2021 ж. 1 648 0