Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аймақ басшысы кадр таңдауда қателеспеді

Аймақ басшысы кадр таңдауда қателеспеді

Бүгін облысымыздың орталығы Қызылорда қаласына жаңадан әкім тағайындалуы және ол қызметке өмірлік тәжірибесі мол Ғанибек Қазантаевтың кіріскені жөніндегі хабарды естідік. Ең алдымен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың кадр таңдауда қателеспегенін ерекше атап өткім келеді.

Ғанибек Қазантаевтың есімі аймақ халқына белгілі. Ол кісі мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың ұрпағы және саясатта, қоғам өмірінде өзіндік орны бар азамат. Сырдария ауданын басқарған тұста қажырлы еңбектеріне тәнті болдық. Ауданымызды абыройы асқақтады, барлық салады өсім, ілгерілеу, алға басу болды. Аймақ аудандарының көшін бастаған Сырдарияның жасампаз істері көршілес аудандарға ғана емес өзге өңірлерге де үлгі етілді. Бұл еңбектің астарында сол кездегі аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлының еңбегі тұрғанын ел-жұрт жақсы біледі.

Қала – облыстың айнасы. Бас шаһарды басқару оңай емес. Бірақ, бүгінгі күнге дейін жинаған білімі мен тәжірибесін ескерсек, Ғанибек Қазантаевтың бұл міндетті абыроймен атқарарына нық сенеміз. Біз сырдариялықтар атқа қонған азаматтың әр ісіне тілектеспіз. Лайым, азамат абыройы арта берсін, қаламыз гүлдене берсін!

Алма БАҚТИЯРОВА,
ҚР Мәдениет саласының қайраткері,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Сырдария ауданының
Құрметті азаматы
08 сәуір 2021 ж. 513 0