Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кішкентай Нәби дүниеге келген күн

Кішкентай Нәби дүниеге келген күн

Біздің кішкентай кейіпкеріміз Нәби Еркінұлы – 1 жаста. ХХІ ғасырдың алтыншы «Кібісе» жылында кент тұрғыны Гүлмира Бәйімбетова кенже ұлын дүние­ге әкелген. Алғашқыда перзентханаға бар­ғанда босануға күні жетпейтінін дәрі­герлерден біледі. Дегенмен, көпбалалы ананың 29 ақпан күні алтыншы перзенті жарық дүние есігін ашады.

Бүгінде Нәбидің 4 әпкесі мен 1 аға­сы бар. Кішкентай сәбидің есімін әкесі Еркіннің ағасы қояды. Ерекше күні ана бақытын кезекті рет сезінген Гүлмира Бәйімбетова сүйінші жаңалықты отаға­сы­на жеткізуге асығады.

– Ертеректен келе жатқан «Кібісе» жы­лының біздің отбасымыз үшін маңызы зор. Кенжеміз дүниеге келген бұл күнді ерекше бағалаймыз. Жақында ішкі іс­тер саласында еңбек етіп келе жатқан Нәбидің көкесі Ербол Жанәлиевке тұ­сауын кестірдік. Ұлымыз көкесі секілді үлкен азамат болып, ел сыйлайтын, құр­меттейтін білікті маман болса дейміз. Ба­ламызға бар жақсылықты тілейміз, – дей­ді көпбалалы ана.

Періште Нәбидің әкесі Еркін Жанәлиев отбасында 12 ағайынды. Анасы Асиланың көп құрсақ көтерген тектілік қасиеті ке­ліні Гүлмираға дарыған екен. Ал ерлі-зайыптының үлкен ұлы Әлиге інісі серік болып, Жанәлиевтер әулетінің ізбасары болатынына сенеміз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Ат
27 ақпан 2021 ж. 671 0