Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаһандық мәселеге назар аударған абзал

Жаһандық мәселеге назар аударған абзал

Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Оның мақсаты - қоғамның назарын осы жаһандық проблемаға аудару, қазір онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті және кең таралғанын еске салу және қатерлі ісік ауруынан болатын өлімді едәуір азайту.

Қазақстанда онкологиялық аурулар басым әлеуметтік маңызды аурулар тізіміне енгізілген. Онкологиялық ауруларды диагностикалау, осы санаттағы науқастарды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде ғана тегін жүзеге асырылады. Бұл қызметті қаржыландыру еліміздің барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтер пакетін сатып алатын медициналық сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ТМККК аясында онкологияның алдын алу және сауықтырушыларды емдеу үшін бірқатар шаралар жүргізілді:

- Ауруды немесе оған бейімділікті ерте кезеңде анықтауға және уақтылы көмек алуға мүмкіндік беретін тегін скринингтер (профилактикалық тексерулер).

- Тегін жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың кенесі, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар аурулар шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

2020 жылы Қызылорда облысында ТМККК шеңберінде 3 960 онкологиялық науқас емделді, оның ішінде шұғыл – 560, жоспарлы түрде – 2921 адам, күндізгі стационарда – 479 адам. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 1 561 706 362, 77 теңге бөлінді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
04 ақпан 2021 ж. 683 0