Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыш ахалықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  (ТМККК) аясында  базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);

- Емханаларда қызмет көрсету (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);

- Диагностика жәнеемдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық  гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.), айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.

Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек   көрсетуден бас тартса,  qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
14 тамыз 2020 ж. 742 0