Керісінше сөз айтудың шебері
Абзал Жұбановты бала кезімізден білеміз. Ол кенттегі №35 орта мектепте оқыды. Біздер №36 орта мектептің түлегіміз. 1991 жылы оныншы сыныпты бітірген кезімізде аудандағы екі мектептің оқушылары маусым айында ауылшаруашылық жұмыстарына бардық. Ұстаздарымыз жетекшілік етіп, Ресейдің Астрахан облысы Харабалинск ауданының Сасықкөл деп аталатын совхозға 3 күн пойызбен жүріп әрең жеттік. Волга өзенінің жағалауында орналасқан елді мекеннен керемет әсер алдық. Аты-жөні орысша қазақ азаматтары күтіп алып, екі вагонмен келген біздерді арнайы лагерьге орналастырды. Бір-бірімізбен шүйіркелесіп екі бөлек мектептің оқушылары болсақ та араласып, тату-тәтті ойнап-күліп бір ай бойы орыстың өлкесінде еңбек еттік. Таң атқанда егіс алқабына барып, 4-5 сағат егіс алқаптарындағы қызанақтарды арам шөптерден отадық.
Күн төбеге көтерілгенде бәріміздің мазамыз кетіп, шаршап-шалдығатынбыз. Бірімізді шөл қысса, бірімізді жалқаулық басатын. Сонда арамыздағы әзілқой балалар Абзалды ортаға алатын. Абзалдың кез келген сөзді керісінше айта алатынын сол кезде білдік. Алдымен оған күдікпен қарап, арнайы зерттеу жүргізгеннен кейін көзіміз жеткенде мәз болатынбыз. Ортада отырған Абзалға кезек-кезек әрқайсысымыз неше түрлі сөздер айтып, сынап алатынбыз. Әрі-беріден күрделі сөздерді айтуға тырысып, оны өзімізше топырақтың үстіне жазып, тексерген сыңай танытып жүрдік. Дұрыс айтатынына көзіміз жеткенде таңқалысып, оның қабілетіне риза болатынбыз.
Арада отыз жыл уақыт өткенде Абзалмен қайта хабарласып, оның осы ерекшелігі әлі де сақталған ба деп қызығушылық танытқанымызда:
– Әрине, мен әлі күнге дейін кез келген сөзді керісінше айта беремін. Жалпы сөзді керісінше айтуды мектепке барған 6-7 жасымда бастадым. Ол үшін арнайы дайындықтан өтіп, үйрендім деп айта алмаймын. Көз алдыма сөзді елестетемін де айта беремін, – дейді бүгінде үш баланың әкесі атанған Абзал Жұбанов.
Мұндай айрықша қабілетке кез келген адам ие бола алмайды. Қысқа сөздерді керісінше айтуға болар, дегенмен де күрделі сөздерді ойланбастан керісінше айту үшін қабілет керек.
Аудандық емханада 11 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып қызмет ететін Абзалдың бұл ерекшелігі оның жұмыс барысында көмегін тигізіп жүргенін айтады. Мүмкіндігі шектеулі адамдармен, балалармен жұмыс істегенде олардың көңілдерін көтеру үшін айтып отырған сөздерін керісінше айтып, жабырқаған көңілді өзгертудің тәсіліне айналдырып жіберу – оның үйреншікті әдеті.
– Осы күні жолдастарымызбен отырыста отырғанда мені орталарына алып, әлі де сынақтан өткізіп жатады. Бала кезіміздегі қызықтарды еске алып, тұтас сөйлемдерді керісінше айтуымды сұрайды. Сонда мені тура бөтен тілде сөйлегендей әсер алып, өзімізше мәз боламыз. Айналаңа осындай ерекшелігіңмен көтеріңкі көңіл сыйлағанның өзі ғанибет емес пе?! – дейді Абзал Жұбанов.
Абзалдың мұндай қабілеті балаларына берілмегенімен, ортаншы қызы Ақниет солақай көрінеді. Оның сол қолымен сурет салып, барлық тіршілігіне сол қолы икемге келетінін ата-анасы туған кезінен-ақ байқаған. Бұл да болса ерекше адамның жаратылысы ұрпақтан-ұрпаққа сан қырынан берілетінінің дәлелі болса керек.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ