Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасының алғысы жұмысымызға серпін береді

Елбасының алғысы жұмысымызға серпін береді

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы «Nur Otan» партиясы «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасы негізінде партияішілік іріктеу өткізген болатын. Партияішілік іріктеуге Сырдария ауданы бойынша мен де қатысып, үздіктер қатарынан көріндім.

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға үміткер болған күннен бастап, депутаттық мандатқа ие болғанға дейінгі аралықта көптеген жұмыстар атқарылды. Оның бәрі халықтың, аудан тұрғындары мен сайлаушылардың көз алдыңда.

Жетекші саяси партия «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жариялап, ел әлеуетін көтеру жолында әр азаматқа нақты міндеттерді жүктеді. Оның ішінде, Сырдария ауданының 5 жылға арналған бағдарламасы экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, ауданның даму бағдарын қалыптастырады.

Марапат мерейді өсіреді әрі зор жауапкершілік жүктейді. Бүгін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым. Бұл жоғары марапат жұмысымызға серпін береді. Алдағы уақытта аудан халқының сенім үдесінен шығып, өскен өңіріміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудандық мәслихат депутаты  
29 қаңтар 2021 ж. 370 0