Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Бірнеше қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы» №5 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №6 Нормативтік қаулысына сай 2020 жылғы 11 желтоқсанда бірнеше нормативтік қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Соның ішінде, «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 15) тармағы төмендегі азат жолмен толықтырылды:

«Егер адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ ол заңды күшіне енгенге дейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда сот ҚК-нің 58-бабы алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес оған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындайды».

Яғни, Заң адамды жазалау, қорқыту үшін емес, керісінше өмір сүруге ынталандыру, қорғау үшін қажет екені және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану жөніндегі дұрыс және бірдей сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қабылданған маңызды шешім.
А.Мизанбаев,
Сырдария аудандық сотының судьясы 
19 қаңтар 2021 ж. 710 0