Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет мектебінің атауы мен эмблемасына жарияланған конкурс қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет мектебінің атауы мен эмблемасына жарияланған конкурс қорытындыланды

Қызылорда облысында 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс жасап келеді.

Биыл мемлекеттік қызмет мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында қараша айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Қазіргі таңда, меморандумда көзделген негізгі 3 бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Аталған мектептің осы кезге дейін атауы мен эмблемасы бекітілмеген болатын. Осы ретте, Меморандум аясында мектептің атауы мен эмблемасына Қорқыт ата атындағы университет студенттері арасында конкурс жарияланды. Конкурс барысында үздік деген 16 жоба таңдалып алынды. Жобалардың ішінен конкурстық комиссия шешімімен ГМУ-19-3 және СР-20-3 оқу топтарының жұмыстары үздіктер қатарына таңдалынып, Мемлекеттік қызмет мектебінің эмблемасы құрастырылды. Жеңімпаздар І дәрежелі диплом марапатталса, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Конкурс нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер мектебіне «Абырой» атауы таңдалды.

Айта кету керек, «Абырой» мемлекеттік қызметшілер мектебінің мақсаты - оқу бағдарламаларына оқытудың инновациялық әдістерін енгізе отырып, мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген жастарды даярлау және мемлекеттік қызметке кадрларды дайындау сапасын көтеру болып табылады.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2020 ж. 537 0