Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пайда ойлама ар ойла

Пайда ойлама ар ойла

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысытық депортаменті жанынан 2019-жылы, құрамында еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ҚР еңбек сіңірген  өнер қайраткерлері, оқу орындарының басшылары мен университет оқытушылары, белгілі ғалымдар, кәсіпкерлер мен журналистер бар 19 адамнан тұратын облыстық ақпараттық-ағартушылық штабы құрылған болатын.    

Иә, қоғамның бүгінгі дерті болып саналатын жемқорлық індетімен  күресу - ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ғана жұмысы деп түсінбеуіміз керек. Өйткені, осы дерттің онан әрі тереңдеп ушықпауы үшін, қоғамның бар күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Құрметті әріптестер, еліміздің әрбір өңірінде құрылған осындай ақпараттық-насихаттық штабтар жұмысының негізгі мақсаты мен бағыты  да – жалпы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырудан бөлек, сыбайлас жемқорыққа бармаудың түпкі рухани негізі болып табылатын әділдік, адалдық, мейірімділік құндылықтырын кеңінен насихаттап, әр адамданың бойындапарасаттылық қаситетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Әрине бұл жұмыста қоғам ішіндегі, қайсы бір елдімекендегіболмасын бірден-бір зиялы қауымның өкілдері болып саналатын ұстаздардың, яғни Сіздердің әрбіріңіздің орындарыңыз бен мен роліңіз ерекше болуға тиіс.

Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың рухани негізіне саналатын адам бойындағы осы негізгі құндылықтардың мән-мағынасына зер салып көрейік.

Бабаларымыз айтып кеткендей - адалдық, мейірімділік, парасаттылық – ол адамдықтың белгісі, ал адалдық жүрген жерде ғана адамдық жүреді.
     
Мұнан бөлек қазақтың пайымында, адам бойындағы адалдық- ол пәктік,ар-ұждан, жан тазалығы сияқты асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Ұлы Абай атамыз, «Пайда ойлама ар ойла, Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолы өнерлі –қазақтың нағыз әулиесі сол» деп және бір сөзінде, «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа,одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» дейді екен.

Демек, парасатты адамға-адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық,мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық,талғампаздық сияқты қасиеттер тән болып келеді екен. Яғни парасаттылық – ол адам бойындағы кісілік қасиет. Адамның парасаттылығы – ол оның ақылдылық,білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік сияқты қасиеттерінен көрінеді.

Ал, мейірімді, қайырымды,сезімстал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жанының сұлулығын,парасаттылығын көрсетеді.

Мейірім,ынсап,ақ пейіл, адал еңбек –осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқанындай, Мейірімділік – ол адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіреді және адамдар арасындағы сыйластық,кең пейілділік,жанашырлық  сияқты қасиеттерінін көрінеді.

Ұлы ойшыл тағы бір сөзінде, «Адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – ол адалдық. Әр адамда адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ»- деген екен.


Демек, адам ең әуелі өзі-өзіне адал болуы керек, адам өз күшіне емес, адал ісіңе сенуі керек, өзін өзі өзгерте алмайтын адам, ешқашан қоғамға әсер ете алмайтыны да белгілі.

«Өңкей жалған, мақтанмен, шынның бетін бояйды»,-деп дана Абай айтқандай, өткенімізге үңілсек, жасыратыны жоқ, біз біраз уақыт бос әңгіме, даңғазалыққа, құр мақтанға бой алдырып алған сияқтымыз. Дәл қазіргі уақыт мұны әрине көтермейді. Қазір қоғам да, адам да басқа. Жалғандық, алдап-арбау бүгінгікүні жүрмейді. Сондықтан да, қоғамда өз орыным болсын, өз абырой-беделім болсын деген әр азамат, барынша адал болуға ұмтылуы керек. Ал адалдықтың еш уақытта адастырмайтыны да анық.

Басшысыадал,әділ, ары да, қолы да таза болса, ұжымы да соған бейімделеді. Береке-бірлік, ауызбіршілік болады. Бұл, әсіресе, ұрпаққа білім мен тәрбие беретін барлық деңгейдегі білім ошақтарына тән.



Руханилықтың,ізгіліктің түп қазығы – білім мекемелері болуы тиіс, сондықтан да мүнда әділетсіздікке, сыбайластыққа мүлде орын болмау керек.

«Мен үшін ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, қайсы бір болмасын білім беру ұйымын тұтас организм деп қарасақ, ондағы негізгі тұлға ол -  әрине ұстаз.
Нағыз жүрек қалауымен келген ұстаз ғана өз кәсібіне де, алдында отырған шәкіртіне де адал болады. Ал, жүрек қалауынсыз, кездейсоқ келген маманның әрекетінен әрине түрлі келеңсіздіктердің шығып қалуы әбден мүмкін.

Сондықтан да, әсіресе педагогикалық оқу орындарына қабылдаудан бастап сыбайластық әрекеттерге жол бермей, талапкердің білімінің деңгейін әділ бағалап, әсіресе олардың педагогикалық мамандыққа бейімділігіне, адамгершілігіне, парасатына, баланы қаншалықты жақсы көре алатындығына, яғни, мейірімділігіне аса мән берген жөн болады.


Қай бір оқу орны болмасын, ол адалдықтың алаңы болып, онда барлық уақытта да әділдік болуы  керек. Сонда ғана білім  мен тәрбиенің сабақтастығы салтанат құрады.
Педагогикада, бала деген – мөлдір лайланбаған су, таза ақ парақ, жылтыраған айна секілді делінеді. Жақсы да, жаман да олардың бетінен көрініп тұрады. Сол айнаға қарай алсаң, өз кемшіліктеріңді түзетесің, жетістігіңе қуанасың.

Білім беру ұйымында оқушыға рухани-адамгершілік тәрбиесін беру оларды алдымен шыншылдыққа, адалдыққа,мейірбандылыққа,қайырымдылыққа баулудан басталады.
Ұстаз шәкіртіне  ең алдымен адалдығы, оларды бөліп-жармауы,талапшылдығы мен қатар мейірімділігі, әділеттілігіарқылы ғана абыройлы бола алады. Одан басқа жолмен абыройлы, беделді болам деу, ол әрине уақытша ғана амал тірлік болып шығады.

Ұстаздың тек білім беру ұйымындағы ғана емес, жалпы қоғамдағы орны мен мәртебесін, «Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі» деп ұлы ойшыл Мағжан Жұмабаевтан артық бағалап айту әрине мүмкін емес десе де болады.

Үш жүздің баласы бүкіл қазаққа ортақ келелі әңгіме құрып, ортақ түйткілді мәселелердің шешімін ақылдасарда ғана бас қосатынын, және өзінің білімділігі, әділдігі, адалдығы және ақыл парасаттылығымен төрелік айта алатын адамды ғана төрге отырғызатынын ескерсек, бүгінгі білім беру саласында еңбек етіп жүрген әрбіріміз қызметімізге аса жауапкершілікпен қарап, бүгінгі ұстаздың мәртебесін биік ұстауға ұмтылуымыз керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болуы үшін, ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет, әсіресе оны, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастау керек.


Сондықтан жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындалуына көмектесу қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуда барлық қоғам болып белсенділік танытып, қарсы тұруымыз қажет.

Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда, адам, адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қарсы әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында құрылып жұмыс жасап жатқан «Саналы ұрпақ» клубтары мен ондағы Парасаттылық мектебінің де негізгі мақсаты да –білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады.«Саналы ұрпақ» жобасының аясында әрбір оқу орнында құрылған, құрамына студенттер, ата-аналар, демеушілер, жұмыс берушілер және үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері  бар, әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысының да осы бағыттағы орны ерекше.

Мұнан бөлек ҚР БҒМ бекіткен ережеге сай  әрбір білім беру ұйымдарының жананда құрылған «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» жұмысының да осы мақсаттағы пәрменділігі арттырылуы керек.

Ақпараттық-насихаттық штабыныңатқаратын жұмыстарының  негізгі бағыты  болып саналатын, қоғамның бүгінгі індеті – сыбайластық пен жемқорлықдертін болдырмаудың түпкі рухани негізі болып табылатын адам бойындағы адалдық, әділдік, мейірімділік, парасаттылық сияқты құндылықтарды жан-жақты насихаттауда бірлесе атқаратын алдағы жұмыстар әлде де көп.

Б.А.Сайлыбаев
Облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі
03 желтоқсан 2020 ж. 396 0