Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Психологиялық тренинг өтті

Психологиялық тренинг өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Аймаханова Назира Кенжебекқызы облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы мен теміржол жолсеріктеріне сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – психологиялық әсер ету арқылы адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру болып табылады.

Тренинг барысында қызметші мен басшының және тұрғын мен мемлекеттік қызметкердің арасындағы қарым қатынастар талқыланып, әр қызметкер ортаға өз ойын толық айтты.

Шара соңында қатысушылар өз қызметіне деген жаңа көзқараспен және көтеріңкі көңіл күймен қайтты.
24 қаңтар 2020 ж. 1 335 0