Ұстаздар есірткіге қарсы

Мен есірткі жайлы және оның зиянды екенін түсіндіргім келеді. Атап айтар болсақ, көбісі темекі шегумен, арақ ішумен, тіпті наша шегумен рахаттанатынын жіті білесіздер. Оның адам ағзасына кері әсерін тигізетінін, адам өмірін бақытсыздыққа әкеп соғатынын, және есірткіге тәуелді болған жандар үшін бәрі кеш екенін, емделу өте қиынға соғатынын, тіпті соңы өліммен аяқталатынын айтқымкеледі.
Осы есірткінің салдарынан әлем бойынша көптеген жағдайлар болып жатыр.
Мысалы, есірткі пайдаланған жас келіншек өзінің баласын өлтірген.Талай адамдардың жүйке жүйесімен қатар психикасына тым қатты әсер етеді. Ең өкініштісі Қазақстанға сол қарғысатқыр есірткіні өзіміздің азаматтарымыз шет елдерден әкеліп сататыны. Енді темекінің атасы есірткіге қайта тоқталайық. Есірткі қолданатын отбасында мүлдем берекеболмайды. Өйткені ол адам әйеліне тиіседі, оның зардаптары балаларына тиеді.Осылайша толық бір отбасы сынған шыны тәрізді қайта құралмайды. Есірткіні бір рет дәмін татқан адам оның құлына айналады. Өмірге бақылау жоқ, Өмір қорқынышты. Сіз норкаманды кинотеатрдан, саябақтан, дәмханадан көрмейсіз. Олардың бүкіл өмірі подвалдар, бұзылған үйлердің босаған пәтерлерінде өтеді.
Жас достар, денсаулықтарыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыздар. Сіздер ел үшін керексіздер. Өйткені сіздер-тәуелсіз еліміздің болашағысыздар.
Жүсіп Гүлнұр Қозыбағарқызы,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің тəлімгері
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына