Есірткісіз өмір ғажайып
Мен, Төленова Анар Дәуренбекқызы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 7«а» сынып оқушысымын. Аталмыш шараға өз үлесімді қосу мақсатында достарыма төмендегі жазбамды жариялаймын. Егер адамзат өздерін арақ-шараптан, темекі, апиындармен еліртпей, есіртпей уландыра бермесе, онда біздің өмірімізге арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді деген Лев Толстойдың сөзін еске түсірген жөн. Адам жаман әдеттерден және өзіңе зиян келтіретін сыртқы және ішкі әдеттерден қорғануы маңызды.
Мен есірткі жайлыжәне оның зиянды екенінтүсіндіргім келеді. Атап айтар болсақ,көбісі темекі шегумен , арақ ішумен, тіпті наша шегумен рахаттанатынын жіті білесіздер. Оның адам ағзасына кері әсерін тигізетінін, адам өмірін бақытсыздыққа әкеп соғатынын жәнеесірткіге тәуелді болған жандар үшін бәрі кеш екенін, емделу өте қиынға соғатынын,тіпті соңы өліммен аяқталатынын айтқым келеді.
Осы есірткінің салдарынан әлем бойыншакөптеген жағдайлар болып жатыр. Мысалы есірткі пайдаланған жаскеліншек өзінің баласын өлтірген. Талай адамдардың жүйке жүйесімен қатар психикасына тым қатты әсер етеді.
Ең өкініштісі Қазақстанға сол қарғысатқыр есірткіні өзіміздің азаматтарымыз шет елдерден әкеліп сататыны. Менің ойымша бір тәуелді болған адам өмір бойы соған тәуелді болып қалады. Ол деген адамның миын кептіріп, улайды. Дәл осы уақытта уайымдататын мәселелердің бірі-денсаулық мәселесі. Қай елде болмасын, денсаулық мәселесі бірінші орында тұрады. Себебі дені сау ұлт қалыптаспайынша, болашағы жарқын мемлекет болмайтыны анық. Халқымыздың: «Денсаулық-зор байлық», «Ден саудың жаны сау»-деген сөздері бекер емес. Шынында да, адамның қолындағы баға жетпес байлығы ол денсаулық екенін әрбіріміз түсіне білуіміз керек. Есірткі есірткі дейміз ау, есірткіден бұрын темекі адам ағзасын улап өкпе мен бауырды улап, кейін жаман ауруға ұласады.
Енді темекінің атасы есірткіге қайта тоқталайық. Есірткі қолданатын отбасында мүлдем береке болмайды. Өйткені оладам әйеліне тиіседі, оның зардаптары балаларына тиеді. Осылайша толық бір отбасы сынған шыны тәрізді қайта құралмайды. Осының бәріне кім кінәлі? Қоғам ба, арақ пен темекі ме, әлде оны пайдаланған адам ба немесе осы улы затты сатқан сатушы ма. Оны өздеріңіз таразылайсыздар. Есірткі пайдаланатын адамның өмірі қысқа 6-8 жыл. Бұл психикалық аурумен, туберкулезбен, пепатитпен жалғасады. Тіпті есірткіні тастаған күнде наркоман өмір бойы оған тәуелді болып қалады.
Есірткіні ұзақ қабылдау ішкі органдардың уыттық залалдануына әкеліп соғады.Бұл бауыр, бүйрек, жүректің ауыр сезінуі. Мидың барлық міндеттері бұзылады. Шаш түседі. Адам тірі өлік болады.
Денсаулыққа саналы қарап спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығынды өз қолыңмен құрту болып есептелінеді.
\
Қазіргі таңда ішкі істер бөлімінің мамандары есірткіні жою мақсатында көптеген жұмыстар жасап келеді. Шекарашылар шел елдерге шығатын жолдарды торуылдаса, енді бірі верталетпен қазақстанның түпкір-түпкірін ұшып аралауда. Мақсаттары біреу, ол өсіп тұрған есірткі мен оны еккен зиян келтірушіні ұстау.
Нашақорлық-бұл өмір бойына диагноз.
Қазіргі таңда ішкі істер бөлімінің мамандары есірткіні жою мақсатында көптеген жұмыстар жасап келеді. Шекарашылар шел елдерге шығатын жолдарды торуылдаса, енді бірі верталетпен қазақстанның түпкір-түпкірін ұшып аралауда. Мақсаттары біреу, ол өсіп тұрған есірткі мен оны еккен зиян келтірушіні ұстау.
Нашақорлық-бұл өмір бойына диагноз.
Есірткіні бір рет дәмін татқан адам оның құлына айналады. Өмірге бақылау жоқ. Өмір қорқынышты.Сіз наркоманды кинотеатрдан, саябақтан, дәмханадан көрмейсіз. Олардың бүкіл өмірі-подвалдар, бұзылған үйлердің босаған пәтерлерінде өтеді
Достым, сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Бойыңызды ластамай, жан-дүниеңізді таза ұстаңыз.
Әр адам өзіне сенсін. Өзіне сенімді болған адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Жас достар, денсаулықтарыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыздар. Сіздер ел үшін керексіздер. Өйткені сіздер-тәуелсіз еліміздің болашағысыздар.
Анар Төленова Дәуренбекқызы,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің
7 «а» сынып оқушысы
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің
7 «а» сынып оқушысы
#ҚЗОПДЕҚҚІҚ байқауына