Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.Нығматулин: жаңа заң жобасы тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді

Н.Нығматулин: жаңа заң жобасы тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті, – деп хабарлайды 24.kz

Онда депутаттар «Техникалық реттеу» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Аталған маңызды құжатты талқылау барысында Палата спикері жаңа заң жобасының салмақты тұстарына ерекше назар аударды. Бұл заң жобасы қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан қорғауға бағытталғанын айтып өтті.

«Ең бастысы өнім қауіпсіз болу керек. Басқа мәселелер, мысалы өнімге маркировка жасау, ол жағдайды кәсіпкерлердің өздері шешетін мүмкіндігі бар. Ол үшін тауарды қайтаруға немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Себебі, бұл – кәсіпкерлер үшін өте үлкен шығын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Атап айту керек, енді осы заң жобасына сәйкес мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына әкелгенге дейін жүргізетін болады.

«Жасыратыны жоқ, осыған дейін басқаша болды. Мысалы, кез келген өнімді біз ең алдымен елге кіргіземіз де, содан кейін тексереміз. Қауіпті жағдай болса, сонда ғана анықтау басталады. Енді өнім Қазақстанға кірмей тұрып мемлекеттік бақылаудан өтеді. Қауіпті жағдай анықталса, бірден ол тауарды қайтарамыз. Бұл – өте маңызды, өте қажет қадам. Сондықтан бұл норманы міндетті түрде қолдауымыз керек», - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, заң жобасына енгізілген түзетулер тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар жауапты мемлекеттік органның басшысына бірқатар сұрақ қойды.

Еске сала кетейік, заң жобасы Мемлекет басшысының жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Осы категория бойынша: « Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

11 қараша 2020 ж. 408 0