Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан
Сырдария аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотталушы И. жәбірленуші екеуі автокөлікте алкогольдік ішімдік ішіп отырып өзара ерігісіп қалған, жәбірленуші автокөліктен түсіп сотталушыны қылғындыра бастаған, сол кезде өзінің сол қалтасындағы шаппа пышағын алып, оң қолымен жәбірленушінің сол аяғының санына тығып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Нәтижесінде жәбірленуші сол күні оқиға орнында алған дене жарақатынан қайтыс болған.
Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау хаттамасымен, мәйітке қарау жүргізу хаттамасымен, алу жүргізу хаттамаларымен, сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама қорытындыларымен, сот-криминалистикалық зерттеу қорытындысымен, заттай дәлелдеме ретінде тану туралы қаулымен және істің басқа да құжаттарымен дәлелденген.
Басты сот талқылауы барысында сотталушы И. өз кінәсін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкінген.
Сот үкімімен И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3- бөлігімен кінәлі танылып, оған 8 жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындаған. Үкім заңды күшіне енбеген.
Сырдария аудандық соты










