Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық мәселесімен айналысу – жергілікті атқарушы биліктің тікелейқұзіретіне кіреді. Жалпы алғанда қоғам дертіне жатқызылатын аталған құбылыстың салдары орасан. Жыл көлемінде Сырдария ауданында сыбайлас жемқорлық факторын болдырмау мақсатында сан түрлі іс-шара өткізіліп, жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Апта ағымында «Руханият орталығында» Сырдария ауданы әкімдігі және аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа
мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша аудандық форум өткізілді.
Форум жұмысына аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры Арман Жұмашев, аудандық
полиция бөлімінің бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Асхат Төлеуов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров, сан түрлі сала мамандары қатысты. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев форумның күн тәртібіне тоқталып, сыбайлас
жемқорлықтың аудандағы мәселесіне тоқталды.
– Өздеріңізге белгілі, «Әділетті Қазақстан» құру жолында Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзе-
ге асуда. Сол реформалардың басты мақсаттарының бірі – сыбайлас жемқорлықты жою екені белгілі. Бұл туралы ел Президенті әркез ай-
тып, Үкіметке нақты тапсырма беріп, қоғамды да жемқорлыққа қарсы күресуге шақырып келеді. Осы ретте, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жыл сайын аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен түрлі бағытта іс-шара өткізуде. Сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекет сан алуан шығынға ұшырауда. Қоғам кеселімен күресте әрбір ел азаматының атқаратын рөлі зор, – деді аудан әкімінің орынбасары. Форум аясында арнайы дайындалған тақырыптық бейнеролик жиналған қауымға ұсынылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров, Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Рауан Жамит хабарлама жасады. Атқарылған жұмыстың ауқымдылығын ескерсек, әрбір хабарламашы өз саласы бойынша сан мен деректі тізбектеді. Айта кетейік, жиында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың басты парызы» тақырыбындағы «Үздік мақала» байқауының қорытындысын «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы хабарлап, комиссия мүшелерінің шешімін жариялады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені нағилық Гүлзат Аманкелдиева, І орынды тереңөзектік Жадыра Бағдатқызы, ІІ орынды Әсел Еркінбайқызы, ІІІ орынды Ақерке Нұрғалиева еншіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында құзырлы және мемлекеттік органның өкілдері аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Форум соңында сыбайлас жемқорлық факторын болдырмау мақсатында аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік органға бірқатар
тапсырма жүктелді.
Б.АЯБЕКҰЛЫ











