Төтенше жағдайға тосқауыл қояды
Ауыл әкімінің атқаратын негізгі қызметінде жұмыссыздықты жою, жаңа жұмыс орындарын ашу бірінші орында тұрған мәселе. Сондықтан ауыл әкімі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын бес саусағындай білуі тиіс. Ал әрбір отбасында кіріс көзінің болуын, тым болмағанда бір адамның жұмыспен қамтылуына жағдай жасауды ауылдық округ әкімі жақсы жолға қойған.
Ауылдық округ әкімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен күнделікті ақылдасып, кеңесіп, туындаған мәселенің шешімін табуды жолға қойған. Мысалы, жақын күндері пайдалануға берілетін өрт сөндіру бекетіне ауылдың 4 бірдей азаматын жұмыспен қамтуды ауыл әкімімен бірлесіп, кеңес мүшелері өз шешімін шығарған.
Ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан өрт сөндіру бекетіне келгенімізде ондағы жұмысшылар қызу жұмыс үстінде екен. Ауыл кәсіпкері Р.Смағұлов аудан бюджетінен бөлінген 2 млн 475 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, осы айдың соңында пайдалануға бермек.
– Ауылда төтенше жағдай орын алған жағдайда аудан орталығынан көмек келгенше өзіміздің өрт сөндіру бекетіндегі өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтай алады. Бұл бекет көрші үш ауылға да қызмет көрсететін болады, – дейді ауыл әкімі М.Нұрғалиев.
Иә, тілсіз жаумен күресуде өрт сөндіру бекетінің орны бөлек. Мұнда арнайы техника мен құрал жабдықтар да әзір. Қажетті суды да ауылдың ішіндегі өрт гидранттарының кез келгенінен алуға мүмкіндігі бар. Өрт сөндірушілер Ш.Сейдәлиев, М.Алтынбайұлы, Е.Мәліков пен жүргізуші Ғ.Махамбетов күнделікті жұмысқа сақадай сай тұрған азаматтар.
Аудандық жұмылдыру бөліміне қарайтын өрт сөндіру бекеті осылайша алдағы уақытта төтенше жағдайдың алдын алуда да тұрғындарға қызмет ететін болады.

Бибісара Таңатарқызы