Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның ұйқысы қанса да, шаршаңқы оянуына не себеп?

Адамның ұйқысы қанса да, шаршаңқы оянуына не себеп?

Адам ағзасы циклдармен ұйықтайды. Дұрыс ритм сақталғанда адам ояна сала жаттығу жасап, тоғызға таман жұмысқа барады да, кешкі онға қарай ұйқыға дайындалады. Ал демалыс күндері бұл ритм бұзылатын болса сенбі түске дейін ұйықтаған адамды миы түсінбей дал болады. Түсте оянғанда ми таң енді атып жатыр екен деп түскі асты таңғы ас деп қабылдайды дейді невролог Кристофер Уинтер. Бұл адамның шаршаңқы оянуының бір себебі. Назарыңызға медицина зерттеулеріне сүйеніп шаршап оянуға себеп болатын факторларды massaget.kz ұсынамыз.

1. Көп қимылдамау

Физикалық белсенділікті көбі азып-тоздырып жіберетін нәрсе деп ойлайды, бірақ бұл пікірдің теріс жағы да бар. Спортзалда жаттығу жасау адамның денсаулығын жақсартып қоймай, ұйқы сапасына да әсер етеді. Аптасына бірнеше рет жеңіл жаттығу жасаған адам энергия жинап, дұрыс ұйықтайды. Себебі тұрақты жаттығулар дене мен мидың жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді, ұйқышылдықты азайтады.

2. Аз су ішу

Ағзаға су жетпесе, адамның басы айналып, әлсірей бастайды. Дегидратация әсерінен қан азаяды, жүрек жұмысы баяулайды. Мұның салдары ұйқыға да әсер етеді.

3. Көп кофе ішу

Кофені ұйықтағанға 6 сағат қалғанда ішкен жөн. Кофе шаршауға жауап беретін аденозин затын бұғаттайды, сондықтан кофе ішкен адамның әдеттегідей ұйықтай қоюы қиынырақ.

4. Ұйықтар алдында смартфон шұқылау

Экранның көк түсі ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуін тежейді. Оның әсері білінбегенімен, адам бәрібір терең ұйықтай алмайды.

19 қазан 2020 ж. 370 0