Ішектің жұмыс істеуін жақсартатын жаттығу
№1 жаттығу. Алдымен, қатты созылып, кішкене жаттығулар жасап алыңыз. Енді арқамен жатыңыз . Аяғыңызды жоғары көтеріп, ауада аяқтарыңызбен бірден жиырма беске дейінгі сандардың суретін салыңыз. Кішкене демалып алсаңыз болады.
№2 жаттығу. Дәл сол қалпыңызда аяғыңызды жоғары көтеріп тұрып, 20 секунд велосипед қозғалысын көрсетіңіз.
№3 жаттығу. Орындыққа отырып, сол аяғыңызды көтеріп тұрып бірден онға дейінгі сандардың суретін салыңыз. Енді оң аяғыңызбен осы іс-әрекетті қайталаңыз.
№4 жаттығу. Еденге жатып, тізеңіңізді бүгіп, екі тізеңізді қосып тұрып аяғыңызды ішіңізге қарай тартыңыз. Осылай бірнеше секунд тұрып, қайтадан жаттығуды 10 шақты рет қайталаңыз.
№5 жаттығу. Сол қалыпты сақтап, тізеңіз қосылған күйі аяғыңызды бірінші сол жаққа бұрып, кейін оң жаққа қарай қарай қозғалтыңыз. Жаттығуды 20 рет қайталаңыз.
№6 жаттығу. Тізеңізді бүгіп отырыңыз. Алдымен сол аяғыңызды барынша көтеріп тұрып , кейін осы жаттығуды оң аяғыңызда қайталаңыз. Әрбір аяққа жаттығуды 10 реттен жасаңыз.
№7 жаттығу. Аяғыңыздың арасын ашып тұрып, деміңзді ішке тартып тұрып, терең демалыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
№8 жаттығу. 2 минут орныңызда тұрып жүріңіз. Жаттығуды үнемі жасап тұрсаңыз, ішегіңіздің жақсы жұмыс істеуіне тигізер септігіңіз мол екенін ұмытпаңыз!