Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеңбер айналдырудың пайдасы мол.....

Шеңбер айналдырудың пайдасы мол.....


Шеңбердің артық салмақ пен целлюлитпен күресуде пайдасы зор. Ең арзаны да осы жаттығу құралы болып отыр.

Мықын мен белдегі «артықтарды» алып тастағыңыз келсе де, онымен күресуге ең пайдалысы осы шеңбер екенін біліп пе едіңіз? Артық калория шын мәнінде де тез арада жоқ болады-мыс. Дене айналымында болатын қанды жылдамдатуға әрі адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне әсері бар.

Ас қорыту және ішек жолдарының тазаруына да сеп болатын шеңбер айналдыру жаттығуы бүгінде жоққа айналып бара жатқандай. Дәрігерлердің айтуынша, адам терісінің де жақсаруы дәл осы жаттығудан болып отыр.

Кереметтей нәтижеге қанық болу үшін күніне бір рет қана 5 минуттық жаттығу жасасаңыз да жеткілікті. Жаттығудан кейін шеңберсіз жаттығуларды (отырып-тұру, жүгіру) жасауыңызға болады. Бұл жаттығуды жасау барысында адамның барлық бұлшық еті жұмыс жасайды. Сонымен қатар, омыртқа ауруларымен ауыратын адамдарға бұл таптырмас құрал. Омыртқа маңындағы бұлшық еттерінің жұмыс жасауы сүйектердің дұрыс қалыптасуына әсер етеді екен.

Хула-хуп деген атауы бар шеңбердің түр-түрі бар. Мәселен, гимнастикалық шеңбер. Бұл атаудың шығу тегі Гаваи, Таити, полинезия аборигендерінің биі «хула» болғандығынан екен.
14 ақпан 2018 ж. 2 392 0